Епенов Айболат Онашович
Оңаш Дүйсекенұлы Епенов (1939 жыл, Қара төбе - Мәстек, Маңғыстау ауданы, Қазақ КСР) — қазақстандық көрнекті мемлекеттік және шаруашылық қайраткер, ауыл шаруашылығы саласының шебер ұйымдастырушысы, мұнай-газ кешенінің дамуына елеулі үлес қосқан білікті маман. «Еңбек ардагері» мен «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері.
Өмірбаяны[править | править код]
Оңаш Епенов 1939 жылы 4 қаңтарда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы Шевченко ауылына қарасты Қара төбе - Мәстек деген жерде туған.
Білім жолын 1946 жылы Маңғыстау ауданының Тиген бастауыш мектебінде бастап, Таушық пен Тұщықұдық оқу орындарында жалғастырды. 1956 жылы Форт-Шевченко қаласындағы С.Киров атындағы орта мектепті тәмамдады және оқу бағдарламасы аясында 3-класс жүргізуші куәлігін алды.
1958 жылы әскери қызметке шақырылып, Воронеж, Моздок және Липецк қалаларында қызмет етті. Осы кезеңде жүргізушілік білімін жетілдіру мақсатында 2-класс жүргізуші курсын бітірді.
1961 жылы Қорғаныс министрлігінің орта білімі бар солдаттарға арналған жоғары оқу орнына дайындық курстарына қатысу үшін әскерден босатылды. Сол жылы Оңаш Алматы ауыл шаруашылығы институтына түсіп, 1966 жылы ауыл шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірді.
Отанына оралған жас маман Таушанбай Қорбақов басқарған «Правда» колхозының жөндеу шеберханасына меңгеруші болып тағайындалып, еңбек жолын бастады.
Кәсіби қызметі[править | править код]
1966–1975 жж. — аудандық «Правда» ұжымшарында шебер, бас инженер, «Октябрьдің 50 жылдығы» және «Тұщықұдық» кеңшарларында инженер болып қызмет етті. 1975–1979 жж. — «Октябрьдің 50 жылдығы» кеңшарының директоры қызметін атқарды. 1979–1984 жж. — «Ақшұқыр» қаракөл кеңшарын басқарды. 1984–1986 жж. — облыстық «Ауылшаруашылықэнерго» бірлестігінің директоры болды. 1986–1994 жж. — Мұнайлы ауданаралық мал бордақылау және дәйындау оқу бірлестігінің директоры қызметін атқарды. 1994–1998 жж. — Маңғыстау ауданының «Мұнай өнімдері» АҚ директоры болды. 1998–2009 жж. — «ММГ» АҚ жанар-жағар май бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді. Аудандық, қалалық және ауылдық кеңестердің депутаты, аудандық және облыстық партком пленумдарының мүшесі болды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін аудандық және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты.
Марапаттары мен атақтары[править | править код]
- «Лениннің туғанына 100 жыл» медалі (1970 ж.)
- «Социалистік жарыстардың жеңімпазы» медалі (1973-1976 жж.)
- «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі (2008 ж.)
- «Маңғыстау облысына 35 жыл» медалі
- «Маңғыстау мұнайына 50 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.)
- «Астана қаласына 10 жыл» медалі
- «Қажырлы еңбегі үшін» медалі
- «Еңбек ардагері» медалі
- «Ерен еңбегі үшін» медалі
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталары
- «ММГ» АҚ Құрмет грамоталары
- «Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы» атағы
- Мұнайлы ауданы әкімінің алғыс хаттары
- Маңғыстау облыстық ассамблея бірлестігінің алғыс хаттары
Жеке өмірі[править | править код]
Үйленген. Жұбайы — Жаңылхан Есбергенова. Отбасында алты бала тәрбиелеп өсірді. Балалары әртүрлі салаларда еңбек етеді.
Дереккөздер[править | править код]
- Маңғыстау аудандық басылым материалдары
- Мұнайлы ауданының мемлекеттік архивінің археографы
- Қоғамдық архивтік мәліметтер