Перейти к содержанию

Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы

Статья из Авикипедии. Энциклопедии

Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекова — қазақстандық білім саласының қайраткері, білім беруді дамыту және басқару саласындағы көпжылдық тәжірибесі бар маман. Ол Жамбыл облысының білім жүйесінде жетекші қызметтерді атқарған, сондай-ақ республикалық деңгейдегі білім мекемелерінде жұмыс істеген. Оның еңбегі облыстың білім беру сапасын арттыруға, дарынды балаларды қолдауға және білім саласындағы реформаларды енгізуге бағытталған.

    1. Білімі

1970–1980 жылдары Сұлушаш Құрманбекова Талас ауданының Ақкөл селосындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірді. 1980–1985 жылдары С. М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетін тәмамдады.

    1. Еңбек жолы

Оның кәсіби қызметі 1985 жылы Жамбыл қаласындағы №10 кәсіптік-техникалық училищесінде қоғамтану пәнінің оқытушысы болып басталды. Кейінгі жылдары ол әртүрлі білім беру мекемелерінде және басқару органдарында мынадай қызметтерді атқарды: - 1986–1996 жылдары — Жамбыл қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. - 1996–1998 жылдары — Жамбыл қалалық білім басқармасының бас маманы, бастықтың орынбасары. - 1998–2006 жылдары — Жамбыл облыстық білім басқармасында жетекші маман, 8 жыл бойы бөлім басшысы. - 2006–2010 жылдары — облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары. - 2010–2017 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы. - 2017–2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы. - 2019–2020 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. - 2020–2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігіне қарасты «Таlар» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті. - 2022 жылдың ақпанынан бастап — «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының» директоры. - 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың наурызы аралығында — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Сонымен қатар, ол Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Президент кеңесшісі қызметін атқарды. «Нұр Отан» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 6-шы шақырылымының депутаттығына кандидат болған.

    1. Негізгі жетістіктері
      1. Мектепке дейінгі білім беруді дамыту

Сұлушаш Құрманбекова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тапшылығын шешуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 154 балабақша, 149 шағын орталық және барлығы 303 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2010 жылы тек 2 жекеменшік балабақша жұмыс істесе, алғашқы 5 жыл ішінде 38 балабақша мен 2 шағын орталықтың ашылуына ықпал етті.

      1. Білім сапасын арттыру

Шағын жинақты мектептердің проблемаларын шешу мақсатында барлық аудан орталықтарынан 10 тірек мектебі (ресурстық орталық) ашылды. Олардың желісіне 37 ауылдың шағын жинақты мектептері қосылды. Бұл білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, ол мектеп оқушыларының біліміне тәуелсіз аудиттің өңірлік жүйесін құруды бастамашылық етті. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге балаларды іріктеу кезінде академиялық адалдықтың іргелі қағидаттарын іске асыруға және сақтауға үлес қосты, нәтижесінде өңірдегі олимпиадалық қозғалыс үдемелі дамыды. Бұл кезең өңірлік білім беру жүйесінің тарихындағы «алтын кезең» деп аталды.

2011–2017 жылдар аралығында дүниежүзілік, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда, сондай-ақ Президенттік олимпиадаларда Жамбыл облысының дарынды балалары 827 медаль жеңіп алды. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша дүниежүзілік олимпиадаларда 28 медальды иелену үлкен жетістік болды.

Спорт саласында да облыстың оқушылары мен студенттері республикалық және халықаралық жарыстар мен спартакиадаларда 1218 медаль жеңіп алды (363 алтын, 415 күміс және 440 қола).

      1. Білім беруді басқаруды жаңарту

Сұлушаш Құрманбекова табысты мектептерді ынталандырудың аймақтық моделін құрудың авторы болды. 2015 жылдан бастап білім мекемелері қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі енгізілді, мектептер жұмысының тиімділік критерийлері әзірленді. Жиынтық нәтиже негізінде мектептердің жұмыс режимі мен рейтингтік көрсеткіштері анықталып, «Жылдың үздік мектебі» атағы беріле бастады.

Ол басқарған жылдары облыста 56 эксперименттік алаң жұмыс істеді, оның ішінде 3 мектепке дейінгі, 26 мектеп және 27 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

Облыс педагогтерінің жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік қолдау мақсатында 2012 жылдың тамыз айында республикада бірінші болып облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ашылды.

2012 жылдан бастап республикалық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша облыс кұрамасы жалпы командалық бірінші орынды, ал 2013 жылдан бастап республикалық ғылыми жарыстардың нәтижелері бойынша командалық бірінші орындарды тұрақты түрде жыл сайын жеңіп алды.

      1. Әлеуметтік жобалар

2012–2015 жылдар аралығында «Ұлан» балалар үйі мен Савва атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат оңтайландырылды, 11 отбасы үлгісіндегі балалар үйлері ашылды. 326 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үйге ие болды. 2015 жылы қараша айында өңірлік іс-тәжірибе республика деңгейінде таратылды.

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында білім бөлімдері жанынан орталықтандырылған бухгалтериялар құруға бастамашылық етті. 2011 жылы орталықтандырылған бухгалтериялар ашылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері азайды.

    1. Марапаттары мен атақтары

Сұлушаш Құрманбековаға өңірді дамытуға, білім саласының өркендеуіне және өңірлік білім беру жүйесін басқарудың бірегей моделін құруға қосқан ерен еңбегі үшін келесі атақтар берілді: - Талас ауданының Құрметті азаматы (2014 жыл) - Тараз қаласының Құрметті азаматы (2022 жыл) - Жамбыл облысының Құрметті азаматы (2024 жыл)

Сондай-ақ, ол «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің, бірнеше мерекелік медальдардың, «Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері.

Дереккөздер[править | править код]

Сілтемелер[править | править код]

Ссылки[править | править код]